Жаңалықтар

Маңғыстау – Ақтөбе пойызының жолсеріктері еңбек жағдайына шағымданды

Маңғыстау – Ақтөбе бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының жолсеріктері жұмыс жағдайына байланысты наразылық білдіріп отыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты lada.kz сайтына сілтеме жасап.

 

«Otpan Logistic» компаниясының №109 және №110 пойыздарында еңбек ететін қызметкерлер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, «ҚТЖ» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің және облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың атына ашық хат жолдап, өз мәселелерін жеткізді.

 

Жолсеріктердің айтуынша, бастапқыда жасалған келісімшарт көңілдерінен шыққанымен, кейін бірқатар әлеуметтік қолдаулардан айырылған. Олардың әлеуметтік пакеті қысқарып, санаторийге жолдамалар мен тоқсан сайынғы қосымша төлемдер тоқтатылған.

Барлық жаңалық