Шоу-бизнес

"Күліп түрған жүзінің артында мұң бар": Айнұр Тұрсынбаева жазбасымен жұртты ойландырып қойды (ВИДЕО)

"Күліп түрған жүзінің артында мұң бар": Айнұр Тұрсынбаева жазбасымен жұртты ойландырып қойды (ВИДЕО)

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында қоғамда қалыптасқан жалған жылтыр өмір мен әлеуметтік желідегі жасанды бақыт туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Ақынның сөзінше, бүгінде көп адам Instagram-да мінсіз көрінуге тырысып, шынайы болмысын жасырып қояды. Әдемі кадр үшін ондаған сурет түсіріп, тек ең «әдемі», бірақ шындықтан алыс нұсқасын жариялау үйреншікті жағдайға айналған.

«Бұл өмірді жалған дейміз. Ал жалғандықтың ең шарықтаған түрі – Instagram. Тіпті өзіміздің шынайы түрімізді салуға ұяламыз. Бір сурет үшін жүздеген кадр түсіріп, ең өтірік фотосын ғана жүктейміз», – деп жазды айтыскер.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желі үшін кейбір адамдар өзіне де, айналасындағыларға да қысым жасайтынын атап өтті. Әсіресе, суретке түскісі келмейтін жандарды зорлап күлдіріп, жасанды эмоция көрсетуге мәжбүрлейтін жағдайлар жиі кездесетінін айтты.

«Күйеуін зорлап отырғызып, зорлап күліп тұрған кейіп танытқызатындар бар. Ол адам әрең жымиып, ішкі күйін жасырып отырады», – дейді ақын.

Айнұр Тұрсынбаева желідегі жарқыраған өмірге алданып қалмауға шақырып, әр әдемі кадрдың артында мүлде басқа шындық жатуы мүмкін екенін ескертті.

«Instagram-дағы жылтыраған өмірге қызықпаңыздар. Күліп тұрған жүздің артында мұң, ал қымбат киім мен сәнді көліктің артында үлкен қарыз тұруы әбден мүмкін», – деп түйіндеді ол.

Желі қолданушылары ақынның бұл жазбасын шынайы әрі ой салатын пікір ретінде қабылдап, оның айтқан ойларымен келісетіндерін білдіруде.

Барлық жаңалық