✅ Пайдалы

Кейбір ақылы жолдар тегін болмақ

Бүгіннен бастап ақауы бар ақылы жолдың бөлігінен өткендер ақы төлемейді, деп жазады Ozgeris.info.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем тәртібі өзгерді. Қазір елімізде 27 ақылы жол бар.

Ережеге сәйкес, егер жолдың бір бөлігі сапасыз болып, жөндеуді қажет етсе, сол аралық үшін ақы алынбайды. Жөндеу жұмыстары толық біткенше жүргізушілер тек жарамды бөлігі үшін ғана төлейді. Мысалы, жолдың жалпы ұзындығы 100 шақырым болса, оның 5 шақырымы жөндеуде тұрса, ақы тек 95 шақырымға есептеледі.

Жаңа талап республикалық та, халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолдарға ортақ.

Барлық жаңалық