Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу ережелері өзгерді. Енді смартфондар мемлекеттік деректер базасында тіркеліп, IMEI-кодтары расталған болуы тиіс. Бұл талап орындалмаса, құрылғы бұғатталуы мүмкін, деп жазады Ozgeris.info.
Осыған байланысты Kaspi.kz сатып алушылар мен сатушыларға ыңғайлы жаңа сервисті іске қосты. Kaspi Магазин серіктестері тапсырысты берер алдында құрылғының IMEI-кодын енгізіп, оның мемлекеттік базаға тіркелгенін тексере алады.
Сонымен қатар, смартфон сатып алған әр клиент Kaspi.kz суперқосымшасындағы «Тапсырыс бөлшектері» бөлімінен IMEI-кодты өз бетінше тексере алады. Бұл сатып алушыларға құрылғының ресми әкелінгеніне, тіркелгеніне және кез келген оператор желісінде шектеусіз жұмыс істейтініне сенімді болуға мүмкіндік береді.