Продюсер Гүлзира Айдарбекованың келіні Индира Мәуленованы филиппин бала күтушісі Джой тонап кеткен. Бұл жайлы ол өзіне айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың келіні, Заңғар Нұртастың жары Индира Мәуленова желіде басынан өткен келеңсіз оқиғаны бөлісті.
Оның айтуынша, арнайы агенттік арқылы жұмысқа алынған филиппиндік үй көмекшісі белгілі бір уақыттан кейін үйден қашып кеткен.
Кетерінде үйді тінтіп, агенттікке тапсырылған төлқұжатын тауып алған және үйдегі ақша мен кейбір заттарды қолды қылған. Индира бұл жағдайдан кейін көпшілікті қызметкер таңдауда барынша мұқият болуға шақырды.
«Біз оған агенттік арқылы төрт мың доллар төледік. Өзінің паспорты мен жиналған менің ақшамды алып қашып кеткен», - деді ол.