Әлеуметтік желілерде танымал блогер, шоумен әрі бұрынғы жайдарманшы Арман Жаналиевтіңмұрағаттық бейнежазбасы тарап, қоғамның үлкен наразылығын тудырды, деп хабарлайдыOzgeris.info.
Арман Жаналиевтің Беташар кезінде той қонақтарының бірі өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейтінін білген.
Шоумен азаматқа кәсіби тұрғыда «қолдау» көрсетпек болып тілегін айтады.
«Күніне он үй өртенсін, Алматыда үй өртенсе – саған жұмыс», - деген мағынада тілек білдіреді.
Бұл сөздер желі қолданушылары тарапынан бірден қатаң сынға ұшырады. Көпшілік кез келген өрттің артында адам өмірі мен үлкен отбасылық трагедия, материалдық шығын тұратынын алға тартып, мұндай тақырыпта әзілдеудің әдепсіздік екенін атап өтті.
Желідегілер блогерді халықтың қасіретінен «жұмыс» іздегені үшін сөгіп жатыр.
Айта кету керек, бұл оқиға қоғамда дәл осындай себеппен үлкен буллингке ұшыраған тағы бір танымал асаба Сабыржан ұшыраған еді.