Қоғам

«Не істерімді білмедім»: Боратты жарнамасында пайдаланған кәсіпкер ағынан жарылды (ВИДЕО)

«Не істерімді білмедім»: Боратты жарнамасында пайдаланған кәсіпкер ағынан жарылды (ВИДЕО)

Боратты брендінің жарнамасында пайдаланған кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов үндеу жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Мен қазақтың қара домалақ баласымын. Тараз қаласының тумасымын. «Шоқан» брендінің негізін қалаушымын. Менің хабарсыз кеткенім барлығының тынышталғанын қаладым. Сіздерден шын жүректен кешірім сұрағым келеді. Ең алдымен біздің бренд атынан шыққан ролик үшін кешірім сұраймын. Бұл қателік үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мұндай жағдайда бірінші рет болып тұрмын. Басында не істерімді білмедім. Сондықтан алғашқы әрекеттерім дұрыс болмады. Қателігімді түсіндім. Қазақ тіліне,еліне, мәдениетіне құрметсіздік көрсету ойым болмады. Мұндай жағдай қайталанбайды»,- деді Ұлықбек Шәріпов.

Осыған дейін брендке халық Боратты пайдаланып жарнама жасағаны үшін бойкот жариялаған еді.

Барлық жаңалық