🤖 Digital

ЖИ 4 млн адамды жұмыстан шығарады

ЖИ 4 млн адамды жұмыстан шығарады

Қазақстанда еңбек нарығы түбегейлі өзгеріс кезеңіне қадам басты. Жасанды интеллект пен автоматтандырудың дамуы алдағы жылдары миллиондаған адамның жұмыс форматына әсер етпек. Сарапшылардың бағалауынша, шамамен 4 миллионға жуық азамат жаңа еңбек талаптарына бейімделуге мәжбүр болады, деп жазады Ozgeris.info.

Салалық ведомствоның болжамына сәйкес, 2035 жылға қарай елдегі мамандықтардың 44 пайызы трансформацияға ұшырайды. Бұл дегеніміз – көптеген кәсіп иелерінің жұмыс мазмұны өзгеріп, жаңа дағдылар талап етіледі деген сөз. Яғни6 әңгіме тек жұмыс орындарының қысқаруы емес, еңбек нарығының толық қайта құрылуы туралы болып отыр.

Сонымен қатар кейбір мамандықтарға сұраныс біртіндеп азаяды. Алдын ала есеп бойынша, шамамен 46 кәсіп қысқарып, бұл жалпы жұмыс орындарының 4 пайызына әсер етеді. Оның ішінде 14 мамандық мүлдем жойылуы мүмкін. 

Дегенмен бұл үдерісті тек қауіп ретінде қарастыру дұрыс емес. Жаңа технологиялар жаңа мүмкіндіктерді де бірге алып келеді. Цифрлық экономика, деректерді талдау, жасанды интеллектіні басқару сияқты бағыттарда жаңа мамандықтар пайда болады. 

Мамандардың айтуынша, басты мәселе – өзгерістің өзінде емес, оған дайын болуда. Еңбек нарығы енді тұрақты емес, үнемі жаңарып отыратын жүйеге айналып келеді. Сондықтан бүгінгі таңда білім алу бір реттік процесс емес, үздіксіз дағдыға айналуы тиіс.

 

Барлық жаңалық