Жетісу облысында Алакөл маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегіне сәйкес, жерасты дүмпуі 24 шілде күні сағат 08:47-де Астана уақыты бойынша тіркелген. Зілзала ошағы Сарқант қаласынан 124 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,8 болды.
Ал Қазақстандық сейсмологиялық бақылау орталығының мәліметінше, зілзала Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде болған. Бұл жолғы жер сілкінісінің магнитудасы 3,7-ні құрады.