Қоғам

«Жазасын алады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Жазасын алады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Aктер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы оның бұрынғы әйелі әрі арызданушы Фариза Алмазқызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Фариза Алмазқызының жазуынша, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша тіркелген.

«Бүгінгі шақта Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды. 2 баппен! ҚР ҚК 115-1-бап және ҚР ҚК 274-бап 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша. Біз адвокат екеуміз @advokat.v.zakone бұл істер бойынша сотқа дейін барып, нүктесін қоямыз! Заң алдында тиісті жазасын алады», – деп жазды Фариза Алмазқызы.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тарапынан аталған іске қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Жақсыген мен оның бұрынғы жұбайының арасындағы дау әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.

Барлық жаңалық