Меркіде көз жұмған әйелдің құрбысы танымал журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол істің мән-жайын айтып берді.
"Ол барни жегісі келген. Баласына біреуін береді. Өзі біреуін алады. Жеп тұрған кезде күйеуі бұны балаға алып келдім ғой, сен неге жеп жатырсың дейді. Ұрысқан соң жегісі келмейді ғой кез-келген адам. Болды, жемеймін деп кеткен. Енесіне барып мән-жайды айтқан. Күйеуі сосын "неге менің мамамды сыйламай жатырсың?" деген. "Неге мамама сөз қайтарасың?" деп ұрған оны. Тұрмысқа шыққан екі жылда 5-6 рет шамамен таяқ жеді. Сабалаған шыбықтың іздері бар. Тырналған, аяғының бәрі көгерген, басын жарған, астынан қан тоқтамайды. Баласы түсіп қалған сияқты. Маған аяғым ауыр деп айтты. Шашының бәрі сабан-сабан. Қораның ішінде ұрған ба деп ойладық. Бүйрегі ісіп кеткен", - деді ол.