Қоғам

«Жаңқа сүйегінен қан сорғалап тұрды»: Тамара Асар өзі туралы сұмдықты айтты

«Жаңқа сүйегінен қан сорғалап тұрды»: Тамара Асар өзі туралы сұмдықты айтты

Әнші Тамара Асар сахнадан саясатқа не себепті келгенін айтып, көпшіліктің сауалына жауап берді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Саясатқа неге келдіңіз? немесе Сахнаны саясатқа неге ауыстырдыңыз?Соңғы уақытта ең көп қойылатын сын-сұрақтар осы.

“Басқа салса баспақшы” мені сахнаға да, саясатқа да өмір өзі әкелді. Менің өмірімде сахна да бар, өнер де бар, салт-дәстүр де, білім де, ғылым да, еңбек те бар. Жеткен жеңістер де, жеңілістер де, қиын кезеңдер де болды», – деп жазды өнер иесі.

Тамара Асар өміріндегі ауыр сынақтарды еске алып, сол тәжірибесі оны инклюзия, оңалту және протездеу мәселелеріне етене араласуға жетелегенін айтты.

«ТӘНІМНІҢ ЖЕҢІСІ – жұлынған аяқтың, жаңқа сүйегінен қан сорғалап тұрса да, протезбен қайта жүру болды!

ЖАНЫМНЫҢ ЖЕҢІСІ – дәл солай тұрсам да, ән шырқап, өзгеге әнмен қуаныш сыйлау болды!

“Инклюзия, оңалту, протездеу” деген ұғымдармен жақын, өте жақын таныс болғандықтан, адамның денсаулығы, оның қалпына келуі, қоғамға қайта оралуы, білім алуы, еңбек етуі, өз әлеуетін жүзеге асыруы сияқты мәселелерді сырттай бақылауды доғарып, оған өзім сияқтылар үшін етене араласуды шештім», – деді ол.

Әнші өз басынан өткен қиындықтар арқылы протездік жүйенің адам өміріне қаншалықты әсер ететінін жақсы білетінін және осы мәселені кеңінен көтергісі келетінін жеткізді.

«Яғни өз басымнан өткен қиындықтар арқылы протездік жүйенің адам өміріне қаншалықты әсер ететінін білемін. Оны кеңінен ашқым келеді.

Қазір мен үшін ең маңыздысы – адамдармен кездесіп, оларды тыңдау, мамандармен тілдесу, жүйені түсіну және сол тәжірибені нақты іске айналдыру.

Өйткені мен үшін саясат – мансап емес. Саясат – жауапкершілік. Толық жауабымды сайлауалды берген сұхбаттарымда көруге болады…», – деп қорытындылады Тамара Асар.

Барлық жаңалық