Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші статусынан бас тартпақ, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Бұл туралы адвокат Мауметов Мурат айтты.
Бұған дейін сұхбатында Әділет Зейнел істі аяғына дейін жеткізіп, жәбірленуші болып қала беретінін айтқан еді. Алайда бүгінгі отырыста қорғаушы журналистерге жәбірленушінің ойынан айнығанын жеткізді.
Сондай-ақ Әділеттің заңды түрде үйленгені жөнінен хабарсыз екенін жеткізіп, қос тарап өзара мәмілеге келгенін де хабарлады.