Жаңалықтар

«Бөтен адамдар сияқты кірдік»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласы туралы айтты

«Бөтен адамдар сияқты кірдік»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласы туралы айтты

Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында марқұмның анасы Сәлима Ешанқұлова пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Іс бойынша әділ шешім шығуын талап еткен ол бұрынғы күйеу баласы Әділет Зейнелдің жәбірленуші мәртебесінен бас тартқанынан бейхабар болып шықты.

«Бұл жаңалықты сіздерден естіп отырмын. Дегенмен оның бұл шешімін оң қабылдаймын. Ана ретінде оған үлкен үміт артып, аманатқа қиянат жасамайды деп сенген едім. Өкінішке қарай, ол сенімімді ақтамады. Сол себепті де оған жәбірленуші статусынан бас тартуын айтқанмын. Сотқа да бір-бірімізге жат адамдарша кірдік, тіпті тілдескен де жоқпыз», – деді Сәлима Ешанқұлова.

 

Барлық жаңалық