Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлына қатысты тәртіптік іс бойынша тыңдаудың өтетін күні белгіленгенін мәлімдеді деп хабарлайды Оzgeris.info.
Федерация таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, аталған тыңдау 2026 жылғы 19 қаңтарда өтеді. Тыңдаудың нақты уақыты мен өтетін орны кейінірек қосымша хабарланатын болады.
Федерация президенті Рахымжан Ерденбековтің айтуынша, іс қолданыстағы регламенттерге толық сәйкес, процестік әділдік қағидаттарын, кінәсіздік презумпциясын және халықаралық антидопингтік стандарттарды сақтай отырып қаралады.Сондай-ақ ол түпкілікті шешім қабылданғанға дейін қандай да бір жария пікір айтуға жол берілмейтінін атап өтті.
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы өз қызметінде спорттың тазалығын сақтау, спортшылардың құқықтарын қорғау және федерацияның институционалдық тәуелсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарын берік ұстанатынын жеткізді.
Алдағы барлық процестік қадамдар жөнінде қоғамға ресми түрде хабарланып отыратыны айтылды.