Қоғам

«Ішпеймін, шекпеймін деп мақтанады»: Танымал блогер ер адамдарды сынға алды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде блогер әйелдің ер адамдарға қатысты айтқан пікірі көпшіліктің қызу талқысына түсті деп жазады Оzgeris.info.

 

Блогер өз сөзінде кейбір ер адамдардың «ішпеймін, шекпеймін» деп мақтанатынын сынға алды. Оның айтуынша, мұндай әрекет ерлік немесе ерекше қасиет ретінде көрсетілмеуі керек, өйткені әйел адамдардың басым бөлігі де ішімдік ішпейді әрі темекі тартпайды. Алайда әйелдер бұл туралы айтса, ешкім оны жетістік немесе мақтан ретінде қабылдамайды.

 

 «Енді қайттік? Әйелдердің көбі ішпейді, шекпейді. Бірақ олар мұны айтып мақтанса, ешкім мәз болмайды. Ал ер адамдар айтса, бірден мақтау естиді», — деді блогер.

 

Бұл пікір көпшіліктің ашуын туғызып, видео астына жүздеген пікір жазылды. Кейбір желі қолданушылары блогермен келісетінін білдірсе, енді бірі оның ойын орынсыз деп бағалады.Пікір қалдырғандардың бір бөлігі:

 

«Ішпеймін, шекпеймін бұл міндет, мақтан емес»,«Тағы біреулер “ұрмаймын, соқпаймын” деп мақтанады, бұл онсыз да әр адамға тән қасиет»,«Тілдің ұшында тұрған нәрсені айтты» деген ойларын жазды.

 

Ал қарсы тарап:

 

«Жақсы әдеттерді айтудың өзі артық емес»,«Неге ер адамдарды кемсіту керек?» деп наразылық білдірді.

 

Барлық жаңалық