💰 Экономика

Инвестиция 4,6 млрд доллар әкелді

2025 жылдың жеті айында Ұлттық қор 4,6 млрд доллар табыс тапты. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты. Оның сөзінше, кейбір сарапшылар айтып жүргендей, қор шығынға батып жатқан жоқ, деп жазады Ozgeris.info.

Базалық мөлшерлемеге қатысты өткен жиында журналистер Сүлейменовтен осы мәселе туралы сұрады. Сарапшылар арасында «қордың кірісі минус» деген әңгіме болған.

«2025 жылдың қаңтар-шілде айындағы есебі бойынша, Ұлттық банк қорды басқара отырып 4,6 млрд доллар табыс тапты. Табыстылық тұп-тура 8%-ды құрады, бұл доллармен есептегенде. Ұлттық қорда инвестициялық кіріс бойынша ешқандай шығын жоқ, қайта үш жыл қатарынан Ұлттық қорды басқарудан жақсы инвестициялық табыс түсті», деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін алты айдың қорытындысы бойынша да дәл осы көлемде табыс жарияланған еді. Қазір қордың жалпы активі – 66,2 млрд доллар.

Барлық жаңалық