Қоғам

"Енесі мен байын қайрайды": Шавкаттың әйелі абысындарын сотқа бергенін айтты

"Енесі мен байын қайрайды": Шавкаттың әйелі абысындарын сотқа бергенін айтты

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары әлеуметтік желіде бірнеше жазба жариялап, жеке өміріне қатысты жағдайларды ашық айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Ол өзіне және балаларына қысым жасалғанын алға тартады.

«Менің басыма түскен ауыр жағдайды өздеріне пайдаланып менен, менің балаларымнан құтылудың әрекеті бұның бәрі. Авария болды, құтырған т.б әңгімелерін естіп маған күліп отырғандарына шыдап келе жатырмын барынша». 

Сондай-ақ, автор соңғы айларда психологиялық қысым көргенін жеткізді.

«Міне 9 ай болды 5-балаға аяғым ауыр екенінде шыдай алмай туа береді, алдырып тастасын дегеніне де үндемедім. Керісінше барынша психикалық түрде мені сындырамыз деп отырған түрлері. Себебі менің балаларым Шавкаттың тапқанына ортақ болады сол үшін оларға бала саны көп болған тиімсіз». 

Желіде тараған тағы бір жазбасында ол туыстары арасындағы жанжалға да тоқталған.

«Негізі көп айқай-шу осындай абысындардан болады. Енені қайрап, байын қайрап өзін келіндердің ішінен ең кереметі қылып көрсеткісі келетін. Бірақ елдің бәрі біледі қандай екенін Алла көріп тұр». 

Сонымен қатар, ол құқық қорғау органдарына жүгінгенін де жасырмады.

«Тағы бір қуанып қояйын оларды. Әйтпесе ренжіп жүр мен үндемей жүргенге. Негізі біреудің отбасына араласып ажыратқандарға күшті заң шығару керек, арада кішкентай балалар болса тіпті», - деп жазды Гүлайым Рахмонова. 

Аталған жағдайға қатысты Шавкат Рахмоновтың тарапынан әзірге ресми пікір жарияланған жоқ.

Барлық жаңалық