Өзбекстанда үйлену тойлары мен басқа да отбасылық шараларға 200-ден артық қонақ шақыруға тыйым салынды. Бұл талап 2025 жылдың 16 қыркүйегінде министрлер кабинеті бекіткен «Рационалды тұтыну» бағдарламасында көрсетілген, деп жазады Ozgeris.info.
Бағдарламаның мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орынсыз шығындарды қысқарту. Үкіметтің түсіндіруінше, даңғаза тойлар отбасыларға қаржылық салмақ түсіріп, ресурстардың тиімсіз жұмсалуына себеп болады.
Жаңа тәртіпке сай, артық шоу-бағдарламалар мен қосымша той-томалақтарға жол берілмейді. Жерлеу және ас беру рәсімдерінде де шығындарды қысқарту міндеттелген.