Спорт

Елена Рыбакина екінші мәрте «Жыл спортшысы» атанды

Елена Рыбакина екінші мәрте «Жыл спортшысы» атанды

Алматы қаласында спорт және бизнес саласындағы үздіктерді марапаттауға арналған ұлттық Metaratings Top Awards сыйлығының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. ozgeris.info сайты. 

Биыл үшінші рет ұйымдастырылған байқауда әр аталым бойынша жеңімпаздар халықтық дауыс беру мен қазылар алқасының шешімі негізінде таңдалды. Дауыс беру 10-20 наурыз аралығында өтті. Соңғы кезеңде әр номинацияда үш үміткердің арасынан үздік анықталды.

Нәтижесінде Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина ең көп дауыс жинап, «Жыл спортшысы» атағына ие болды. Бұл — теннисшінің аталған марапатты екінші рет жеңіп алуы. Ол бұған дейін де, 2024 жылғы байқау қорытындысында жанкүйерлер таңдауы бойынша үздік спортшы атанған еді.

Елена Рыбакина соңғы маусымда жоғары нәтижелер көрсетіп, WTA қорытынды турнирінде алғаш рет жеңімпаз атанды. Сонымен қатар биылғы Аустралия ашық чемпионатында да топ жарды.

 

Барлық жаңалық