Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мельбурн қаласында (Аустралия) өткен Australian Open-2026 халықаралық турнирінде топ жарып, чемпион атанды. Бұл туралы сайты Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметіне сілтемемен хабарлайды.
Шешуші финалдық кездесуде Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь елінің өкілі Арина Соболенкоға қарсы кортқа шықты. Қарсыластар арасындағы тартысты матч үш сетке созылды.
Алғашқы партияда қазақстандық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте Арина Соболенко дәл осы есеппен қарымта қайтарды. Ал шешуші үшінші сетте Елена Рыбакина тағы да шеберлік танытып, 6:4 есебімен жеңісті өз пайдасына шешті.
Осылайша, Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы атанып, мансабында екінші рет «Үлкен дулыға» жарысында жеңіске жетті. Айта кетейік, бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдон турнирінің жеңімпазы болған еді.