Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаева немересінің алғашқы жасын дүркіретіп өткізген еді. Сәбиттің өзінен 16 жас кіші қазіргі жары, танымал актриса Динара Абдуллина да той төрінен табылды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ол күйеуінің немересінің тойында тілек айтып, бағалы сыйлық табыстады.
”Қызымыз салиқалы, саналы ұрпақтан болсын. Бұл қыз өте ерекше. Бізде бір ата, бір әже болса, бұл қызда төртеу. Аллаға шүкір, бәріміз құшағымызда ашып, осы қызды жақсы көріп тұрамыз. Қолымызда не бар соны береміз. Бүгін де құр қалдырмадым. Өзімнің атымнан Айсұлуға гауһар тасы бар алтын сырға”, — дейді ол.
Еске сала кетейік, Сәбит Әбдіқалықовтың үш әйелінен сегіз баласы бар.