Жаңалықтар

Бала еміне жиналған ақша пәтер мен көлікке кеткен - ерлі-зайыптылар тергеуде

Астанада бір отбасы баласының еміне жиналған ірі көлемдегі қайырымдылық қаражатын мақсатсыз жұмсағаны үшін тергеуге алынды деп хабарлайды ozgeris.info сайты sadaq.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Оның айтуынша, Дәулет пен Толқын Тотақановтар ауыр диагноз қойылған ұлдары Әлтайыр үшін шетелдік отаға ақша жинауға кіріскен. Алғашқы мақсат 50 миллион теңге болғанымен, Instagram желісіндегі (@altair_tota) парақша арқылы олар қайырымдылықты белсенді түрде жалғастыра берген. Нәтижесінде төрт жылдың ішінде 350 мыңнан астам адамның қолдауымен 1,3 миллиард теңгеден астам қаржы жиналған.

 

Алайда тергеу мәліметтері бойынша, бұл қаражаттың басым бөлігі баланың еміне емес, ата-анасының жеке шығындарына жұмсалған. Шамамен 6 миллион теңге ғана нақты медициналық мақсаттарға бағытталған, ал қалған сома жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алуға, шетелдік сапарларға, сәнді киімдер мен құмар ойындарға кеткен.

 

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі бұл деректі растады. Ресми мәлімдемеде ерлі-зайыптылар 2020–2024 жылдар аралығында әлеуметтік желі арқылы қоғамның эмоциясына әсер ететін жазбалар мен жалған мәліметтер таратып, жүйелі түрде ақша жинаумен айналысқаны айтылған. Қазіргі таңда тергеу жалғасуда.

Барлық жаңалық