Атырау облысы

Атырауда Яна Легкодимованың өлімі: прокурор айыпты ауырлатты

Атырауда Яна Легкодимованың өлімі: прокурор айыпты ауырлатты

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өлімі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор айыпталушыларға тағылған айыпты ауырлатып, істі жаңа баппен қайта саралады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Тергеу дерегінше, 2024 жылдың 18 қазанында Яна танысынан қоңырау алып, үйден шыққан соң жоғалып кеткен. Оны соңғы рет сол танысының көлігінде көрген. Қыздың денесі сегіз айдан кейін 2025 жылғы 20 маусымда табылды.

 

Бастапқыда күдіктілер Р.Х. мен А.К.-ға «кісі өлтіру» және «ұрлық» баптары бойынша айып тағылған еді. Алайда кейін прокурор ұрлық бабын «бөтен мүлікті қасақана жою» деп өзгерткен.Адвокат Ажар Абдилдің айтуынша, айыпталушы Р.Х. Янаның телефонын ұрламағанын, әдейі жойғанын мойындаған. Бұл бапты ауыр қылмыс санатына жатқызады.

 

Сонымен қатар, айыпталушылар сотта жәбірленуші тараптың сұрақтарына жауап беруден бас тартқан. Қорғаушы олардың түсініктеріндегі қарама-қайшылықтар күмән тудыратынын айтты.Зорлық белгілері туралы болжам бар болғанымен, ресми дәлел әзірге табылған жоқ.

Барлық жаңалық