Жаңалықтар

Атырауда 8 жасар баланы автобус басып кетті

Атырауда 8 жасар баланы автобус басып кетті

Өткен жұмада сағат 18:00 шамасында Атырау-Дамба тас жолының бойында автобус жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты «АқЖайыққа» сілтеме жасап.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Yutong қоғамдық көлігінің 62 жастағы жүргізуші 2018 жылы туған баланы қағып кеткен.

Бала жедел жәрдем көмегімен Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп, оқиға бойынша тиісті материалдар жинауда.

Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280481-atyrau-oblysynda-8-zastagy-balany-avtobus-qagyp-ketti

Барлық жаңалық