Жаңалықтар

Ата Заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады — Тоқаев

Ата Заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады — Тоқаев

Жаңа Конституция Қазақстанды тың қарқынмен өркендетуге жол ашады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

— Жаңа Конституцияның жобасы жекелеген түзетулер енгізілген жоба емес. Бұл өзгерістердің басты мақсаты — жаңа тарихи дәуірде мемлекеттің негіздерін түбегейлі қайта құру, қоғамдық сананы жаңғырту, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Президент жаңа Конституцияның жобасына аса қажетті әрі озық нормалар енгізілгеннін атап өтті.

— Біз бәріміз бір ел болып ырыс-ынтымағымызды, береке-бірлігімізді сақтай отырып, эволюциялық, яғни табиғи жолмен дамып келеміз. Бұл — өте маңызды. Бұдан басқа жол жоқ. Жаңа Конституция Қазақстанды тың қарқынмен өркендетуге, әр азаматтың әлеуетін арттыруға жол ашады деп сенемін. Қалай десек те, Ата Заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады, — деді Мемлекет басшысы.

 

Барлық жаңалық