Астанада қатты жел салдарынан құрылыс краны құлап, бір жұмысшы көз жұмды. Оқиға 18 шілде күні сағат 20:07 шамасында Тұрар Рысқұлов көшесіндегі «Абырой» тұрғын үй кешенінің аумағында болды. Оқыс оқиға сәті әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды ozgeris.info сайты turkystan.kz сайтыны сілтемемен.
BI Group құрылыс компаниясы кранның техникалық жағынан жарамды болғанын және тексеруден өткенін мәлімдеді. Қайғылы оқиға кезінде кран операторы жұмысты аяқтап жатқан.
Компания марқұмның жақындарына көңіл айтып, отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді. Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметтері мен мамандар жұмыс істеуде. Қаза болған адам мердігер ұйымның қызметкері болған.