Оқиға

Астанада жасөспірім қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды

Астанада жасөспірім қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды

Желіде жасөспірім қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарады — ролик Астанадағы оқу орындарының бірінде түсірілген. Ата-аналар мектептегі жағдай ушығып тұрғанын мәлімдеді. Оқиғаға қатысты білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сонымен қатар ата-аналардың мәлімдемесі де жарияланған. Олардың айтуынша, мектеп әкімшілігі толық әрі әділ тексерудің орнына, жоғары сынып оқушыларының телефонынан видеоларды өшіруге тырысқан.

Бұдан бөлек ата-аналар мектеп әкімшілік тарапынан қысым болғанын айтып шағымданды. Олардың сөзінше, проблемалар мектеп директоры ауысқаннан кейін басталған.

"Біз, ата-аналар, бұл жағдайдан шаршадық және мектеп директоры қауіпсіз әрі ашық білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша өзіне артылған міндеттерді атқара алмай жатыр деп есептейміз. Оны жұмыстан босатуды сұраймыз", - делінген жазбада.

Барлық жаңалық