Жаңалықтар

Ақтөбеге бет алған пойызда ер адам қайтыс болды

Ақтөбеге бет алған пойызда ер адам қайтыс болды

Алматы-Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында 1966 жылы туған ер адам кенеттен қайтыс болды, деп жазады Ozgeris.info сайты. 

Бұл ақпаратты "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компаниясы растады.  

Оқиға туралы әлеуметтік желіде куәгер болған жолаушылардың бірі жазды. Оның сөзінше, ер адамның қан қысымы көтеріліп құлаған. "Қазақстан темір жолы" қайғылы жағдай 27 сәуірде болғанын растады.

Компанияның мәліметінше, 1966 жылы туған жолаушының жағдайы аяқ астынан нашарлаған.

–  Сапарға шыққан жолаушының жағдайы жол үстінде күрт нашарлаған. Пойыз бастығы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыртқан. Алайда келген дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын анықтаған, – деп хабарлады ҚТЖ.

Барлық жаңалық