Ақтөбеде мешітте “уақытша неке” ұсынған ер адам жайлы жазған қыз қысым көріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жас бойжеткен бұл жайт туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялағаннан кейін, белгісіз тұлғалар тарапынан қоқан-лоққы көре бастағанын айтады.
«Соңғы күндері тыныштықтан айырылдым. Белгісіз нөмірлерден қоңыраулар толастамай тұр. Тіпті түнгі сағат 3-те үйдің терезесінің алдына келіп, сыртқа шық деп айқайлағандар болды. Шынымды айтсам, қорқыныш үстіндемін», – деп жазды ол.
Бойжеткен өзіне жасалған қысымға байланысты тиісті құқық қорғау органдарына жүгінетінін жеткізді.