Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов тегін өнер көрсетпейтінін айтып, еңбекті бағалауға шақырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесінің айтуынша, соңғы уақытта шығармашылығын қайта қолға алғаннан кейін, одан тегін ән айтып беруді сұрайтын таныстары көбейген. Әнші бұрын талай шақырым жол жүріп, достарының ауылдарына барып, сахнада да, тойда да өнер көрсеткенін еске алды.
«Жәй ойым ғой. Қайта ән айтып, шығармашылықты қолға алып едім. “Жүрсеңші, бір-екі ән айтып, шашбауымды көтеріп қайтсай” деген ұсыныспен достар шығып жатыр. Баяғыда менсіз түскі ас ішпейтін бауырлар болған. Талай километрді артқа тастап, ауылдарына барып, сахна болса сахна, той болса тойына шығып, қызмет қылып жүретінбіз. Қайда сол балалар? Солардың біреуі жоқ қой. Оқырман жинап алды, танымалдылығын арттырып алды. Кәсіптері өрге домалап кеткен. Сол уақытта біз жай ғана құрал болып қалдық. Сондықтан ондайдан өтіп қойғанбыз. Ақшаңды бер, айналайын, бауырым. Бір-екі ән айтып, шашбауыңды көтере саламыз. Бір әннің өзі кемі 500 мың теңгеге жазылады. Әр нәрсенің бағасы, құны бар», – деді әнші.