Әнші Жігер Ауыпбаев пен оның әйелі Муминаның әлеуметтік желідегі ашық әңгімелері көптің ашуына тиді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ерлі-зайыпты TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, жеке өмірлеріне қатысты тақырыптарды талқылаған. Эфир барысында Мумина Жігердің жіберетін суреттері туралы сөз қозғады.
«Сендер Жігердің жіберетін фотоларын көрмедіңдер ғой. Мендегі суреттер не суреттер сонда? Менде ондай фотолар жоқ. Қорылдап ұйықтап жатқан фотоларым бар шығар, бірақ ондай суретім жоқ», – деді ол.
Жігер Ауыпбаев әйелінің әңгімесін тоқтатуға тырысты.
«Мен сурет жібермедім саған. К*тіңді қыс. Ал сенің фотоларың ше? Ондай нәрселеріңді мына жерде айтпай-ақ қойшы. Ертең тағы бәле болады. Басқа нәрсемен қалжыңдайық», – деді әнші.
Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
«Екеуі бір ұятсыз болды ғой», «Тағып отырған орамалыңнан ұялсаңшы», «Әңгімелері төсектен әрі аспайды екен», «Тәрбие мен мәдениеттен жұрдайлар», «Қандай жиіркенішті», «Екеуі бөлек тұра ма?» – деп жазды желі қолданушылары.