Қоғам

«Азаматтың беретін бермеймін»: сарбаз Ақжолдың анасы жазбасымен елді жылатты

«Азаматтың беретін бермеймін»: сарбаз Ақжолдың анасы жазбасымен елді жылатты

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға кезінде аман қалған сарбаз Ақжолдың анасы желідегі парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Ол марқұм ұлы Ақжолдың жан досы Азамат Мәдіхан туралы жазып, баласының жақсы жолдас екенін айтты. 

"Ақжолдың өмірін «дейін» және «кейін» деп екіге бөлген сол күні…
Ол жан досы Азаматтың беретін қолынан тастамай, жедел жәрдем көлігінде өзіне көмек көрсетуге келген фельдшерлерге де:
«Азаматтың беретін бермеймін…» — депті.

Кейін қабылдау бөліміне түскенде де беретін ешкімге бермеген.
«Азаматтыкі… Өзім беремін», — деп ұстапты. Кейін алғысымды айту үшін төменге түскенімде, дәрігерлер көздеріне жас алып:
«Мен анализ ала алмадым… Беретін бермей, бәрімізді жылатты», — деп айтты.

Сол сәтте ана жүрегім тағы бір нәрсені түсінді… Мен Алладан ең бірінші балдарымның амандығын сұрайтын едім.
Ал екінші тілегім — балаларыма адал дос жолықтырса екен деп тілейтін едім. Өйткені шынайы достықтың қадірін Ақжолдың қолындағы сол берет үнсіз-ақ айтып тұрғандай…

Аллама мың да бір шүкір, менің баламның, біздің отбасымыздың, енді бүкіл халықтын өмірінде Азаматтың барына. Азамат балам… Жатқан жерің жайлы болсын.
Сенің есімің де, достығың да, жарқын бейнең де біздің жүрегімізде мәңгі сақталды. Сен ұмытылмайсың…
Өйткені сен бір ананың баласы ғана емес, бір достың жүрегінде мәңгі қалған адал доссың", деп жазды сарбаздың анасы. 

Барлық жаңалық