Танымал блогер және орындаушы Дарикорнның жақында жарық көрген жаңа әні әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Тыңдармандардың бір бөлігі композицияны сәтсіз шыққан туынды деп бағалап, сын пікірлерін білдіруде деп жазады Оzgeris.info.
Желі қолданушылардың айтуынша, әннің мәтіні тым жеңіл, мазмұн жағынан жұтаң көрінеді. Көпшілік бұл тректі «балаларға арналған музыкаға ұқсайды» деп сынап, Дарикорнның бұрынғы күшті хиттерімен салыстырғанда әлсіздеу шыққанын алға тартты.