Шоу-бизнес

"Алты күн комада жатты": Алтынай Жорабаева қайғылы хабарын естіртті

"Алты күн комада жатты": Алтынай Жорабаева қайғылы хабарын естіртті

Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасына түскен ауыр қайғыны әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Әншінің айтуынша, оның қайнысы Әли Тұралыұлы 2026 жылдың 14 қаңтарында жол-көлік апатына ұшырап, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Ол алты күн бойы комада жатқаннан кейін 20 қаңтарда өмірден өткен. Марқұм апатқа ұшыраған кезде 41 жасқа толуына небәрі төрт күн қалды.

 

«Қайным, Әли Тұралыұлы, 41 жасына толуына 4 күн қалғанда жол апатына ұшырап, 6 күн комада болып, Раббысына қайтты. Папамның қасына сен де бардың… Жаның жәннатта болсын», – деп жазды Алтынай Жорабаева.

 

Жазбада марқұмның әкесінің де ерте өмірден өткенін аңғаруға болады. Бұл қайғылы хабар әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін ауыртып, көпшілік өнер иесіне және отбасысына қайғыра көңіл айтып жатыр.

Барлық жаңалық