Жаңалықтар

Алматыда құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді

Алматыда құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді

Оқиға 23 наурыз күні кешкі уақытта Медеу ауданындағы Тайманов көшесінде орналасқан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, кранның жебе бөлігінде жану орын алған деп хабарлайды ozgeris.info сайты төтенше жағдайлар министрлігі телеграм арнасына сілтеп.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті қысқа уақытта бақылауға алып, толық сөндірді. Жалын шамамен 2 шаршы метр аумақты қамтыған.

Өртті сөндіру жұмыстары биіктікте жүргізілгендіктен, құтқарушылар арнайы автосаты мен лафет оқпанды пайдаланды. Бұл жағдай өртті жедел әрі қауіпсіз түрде ауыздықтауға мүмкіндік берген.

Құтқару қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелмеген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Барлық жаңалық