Жаңалықтар

Али Хаменеидің ұлы Иранның жоғары жетекшісі болып сайланды — БАҚ

Али Хаменеидің ұлы Иранның жоғары жетекшісі болып сайланды — БАҚ

Әли Хаменеи қаза тапты деген ақпарат тарағаннан кейін, оның орнына ұлы Моджтаба Хаменеи Жоғарғы жетекші болып сайланды деген мәлімет пайда болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Алайда бұл ақпарат ресми түрде әлі расталған жоқ. 

Ислам Республикасындағы ақпарат көздерінің мәліметінше, 88 мүшеден тұратын Дінбасылар кеңесі Моджтаба Хаменеи кандидатурасын қолдаған. Дегенмен, Иран билігі мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары бұл шешімді әзірге ресми түрде жарияламады.

Сондай-ақ дереккөздер Моджтаба Хаменеидің сайлануы Ислам революциясының сақшылар корпусының қысымымен жүзеге асуы мүмкін екенін айтады. Ол 1969 жылы Мешхед қаласында дүниеге келген, марқұм Әли Хаменеидің екінші ұлы.

Ал Әли Хаменеи қайтыс болды деген ақпарат аясында елді уақытша үш лауазымды тұлға басқаратыны айтылуда. Олар: президент Масуд Пезешкиан, сот жүйесінің басшысы Голяма Хосейн Мохсени-Эджеи және Конституция сақшылар кеңесінің мүшесі аятолла Алиреза Арафи. 

Барлық жаңалық