Медиандық жалақы (жұмысқа қабілетті тұрғындардың жартысы аратын жалақы) жұмысшылардың айлық табысының шынайы бейнесін көрсететін бірден-бір факт. Медиандық жалақы бойынша Қазақстан тұрғындарының табысын анықтайтын болсақ, еліміздің 66% халқы орташа жалақы мөлшерінен аз табыс табатынын білуге болады.Статистикаға қайта көз жүгіртсек, елімізде жыл сайын жұмыспен қамту органдарына жүгінетіндер мен әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны артып келе жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, соңғы 3 жылда АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алушылар бойынша аномальды статистика байқалды, олардың 2 жыл ішіндегі өсімі 2019 жылы бірден 93 есеге өсті.
Datametrics.