Жаңалықтар

"SULPAK" негізін қалаушы "Forbes" қатарындағы миллиардердің былығы шықты (ВИДЕО)

"SULPAK" негізін қалаушы "Forbes" қатарындағы миллиардердің былығы шықты (ВИДЕО)

"Sulpak" сауда желісінің құрылу тарихы мен оның иелеріне қатысты даулы мәселе қайта көтерілді. Миллиардтық бизнестің іргетасын қалаған марқұм Андрей Пактың туған қызы Светлана Пак бұрынғы серіктестерге ауыр айып тақты. Ол әділетсіздікке бұдан әрі төзе алмайтынын жеткізіп, шындықтың бетін ашатын арнайы мәлімдеме жасады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оның бұл жазбасы қоғамда үлкен резонанс тудыруы бек мүмкін. Мұрагер көптен бері жасырын келген оқиға желісін бүкпесіз баяндап берді:

"Мен бұдан былай үндемей отыра алмаймын. Мен Президентке жазамын, Алмаз Сұлтанғазин менімен байланысқа шығып, әкемнің "SULPAK" компаниясындағы үлесін қалайша өз атына жазып алғанын түсіндірмейінше, қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Әкем елге келе алмай жүрген уақытта (себебі компанияның барлық берешек міндеттемелері оның мойнына ілінген болатын), Сұлтанғазин Қазақстандағы ең бай адамдардың тізіміне - Forbes-ке енеді. Әкем "SULPAK" компаниясын 1992 жылы, мен 6 жаста болғанда, ас үй үстелінде отырып құрған болатын. Қалайша ол ештеңесіз қалып, өз Отанында тұру, жақындарымен және туыстарымен бірге болу мүмкіндігінен айырылды? БАҚ-та оны өз үлесін сатты деп жазады. Бірақ бұл - өтірік. Әкем ауыр дертпен күресіп жатқанда біз үндемедік. Бірақ қазір, әкем арамызда жоқ кезде, мен бұдан былай үндемеймін және шындықты білгім келеді".

Барлық жаңалық