Спорт

Әлемнің үздік сегіздігінде: Қазақстан футзал рейтингінде Украинаны басып озды

Әлемнің үздік сегіздігінде: Қазақстан футзал рейтингінде Украинаны басып озды

Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасы әлемнің ең мықты командаларының жаңартылған рейтингінде 8-ші орынға тұрақтады. Отандық спортшылардың қоржынында 1403,8 ұпай бар. Бұл көрсеткіш жерлестерімізге бұған дейін сегізінші сатыда тұрған Украина құрамасын тоғызыншы орынға ысырып, алға шығуға мүмкіндік берді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

  • Қазіргі уақытта Қазақстан 7-ші орында тұрған Ресей құрамасынан небәрі 27 ұпайға қалып келе жатыр.

  • Жыл басында құрама 9-шы сатыда болған еді. Команда тізгініне Рикардо Каканың орнына қайтадан Какаудың келуі құраманың ойынына жаңа серпін бергендей болды.

2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама бұйырмағанына қарамастан, ұлттық құрама жолдастық кездесулердегі сәтті ойындары мен іріктеу кезеңіндегі тұрақты нәтижелерінің арқасында ұпай санын еселей алды.

Бұл жетістік — Қазақстан футзалының әлемдік деңгейдегі беделінің жоғары екенін және кез келген қарсыласпен терезесі тең ойнай алатынын тағы да айқындап берді.

Барлық жаңалық