Жаңалықтар

Жангелдиндегі қанды оқиға: Төрт адамды өлтірген Сарсемалиевтің соты қашан басталады?

Жангелдиндегі қанды оқиға: Төрт адамды өлтірген Сарсемалиевтің соты қашан басталады?

Атырау облысының Жангелдин ауылында бір үйдің төрт мүшесін айуандықпен өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа берілді. Басты күдікті Сұлтан Сарсемалиевке қатысты сот процесі жақын күндері басталады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Сарсемалиев төрт адамды өлтіргенін толық мойындаған. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») бойынша айып тағылып отыр. Сонымен қатар, ол қылмыс жасағаннан кейін марқұмдардың мал-мүлкін сатып, банктік карталарындағы ақшаны жымқырғаны үшін «Ұрлық» және «Алаяқтық» баптары бойынша да жауап береді.

  • Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады.

  • Төрағалық етуші — Зарема Хамидуллина.

  •  Алғашқы сот отырысы 2026 жылғы 18 мамырда сағат 11:00-ге тағайындалды.

  • Сот процесі ашық режимде өтеді.

Қазіргі уақытта айыпталушы тергеу изоляторында отыр. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырғандықтан, жұртшылық соттан әділ әрі қатаң үкім күтеді.

Барлық жаңалық