Қоғам

"QazaqGaz Aimaq" алдындағы берешек: Үкімет электр қуаты бағасының өсуін түсіндірді

"QazaqGaz Aimaq" алдындағы берешек: Үкімет электр қуаты бағасының өсуін түсіндірді

Сейсенбі күні өткен үкімет отырысында энергетика саласындағы қыруар қарыз мәселесі көтерілді. Еліміздегі энергия өндіретін ұйымдар "QazaqGaz Aimaq" мекемесіне 37,7 миллиард теңге берешек. Бұл қаражат негізінен газбен жұмыс істейтін станцияларға тиесілі. Өткен жылдың екінші жартысында көгілдір отын құнының өсуі осындай жағдайға алып келген деп хабарлайы ozgeris.info сайты КазТаг қа сілтеп.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жиналған соманың қалай өтелетінін түсіндірді. Журналистер алдағы уақытта тұтынушыларға түсетін ауыртпалық пен бағаның өсуі туралы сұрады. Шенеунік бұл шығынның орны тариф арқылы жабылатынын растады. Қазіргі есеп бойынша электр қуатының құны шамамен 4-5 пайызға қымбаттауы мүмкін.

Дегенмен тарифтің құрылуына тек жанармай бағасы ғана әсер етпейді. Төлем көрсеткішіне өндірістегі жөндеу жұмыстары мен мамандардың жалақысы көбірек ықпал етеді. Сондықтан жарық бағасының көтерілуі аса үлкен көлемде болмайды. Мекемелердің күнделікті шығыны артып жатқандықтан саладағы қарыздан тезірек құтылу кезек күттірмейтін міндетке айналып отыр.

Барлық жаңалық