Шоу-бизнес

"Хайп қуалап жүр": Продюсер ағасы "зорлаған" жігітке қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

"Хайп қуалап жүр": Продюсер ағасы "зорлаған" жігітке қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

Күні кеше желіде өзін продюсер ағасы зорлағанын айтқан қазақстандық Нұрғали Нұғман есімді жігіт тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Айтуынша ол "Балапан" телеарнасын айтып, шатасып кеткен.

"Менің көкем зорлады деген видеоны көрген шығарсыздар. Негізі ол жерде "Балапан" телеарнасын "балапан" коммерциялық проектісімен шатастырыппын. "Балапан" телеарнасының ұжымынан кешірім сұраймын және олардың еңбектерін өте қатты бағалаймын. Осы жағдай жайлы сұхбатқа шақырсаңыздар толықтай айтып бере аламын. Бұл ақиқатты көлеңкеде қалдырғым келмейді, сіздерден қолдау күтемін. Өйткені біздің елімізде өте көп болып кетті. Және сондай зардап шеккен адамдардың бірі менмін", - деді ол.

Желі қолданушылары Нұрғали Нұғманға қолдау көрсететіндіктерін жазуда.

Бірнеше танымал журналистер сұхбатқа шақыратынын айтты.

"Балапан" телеарнасының бұрынғы директоры Ләйлә Сұлтанқызы бұл видеоның қаралым мен оқырман жинау үшін әдейі ұйымдастырылғанын мәлімдеді. 

Барлық жаңалық