Шоу-бизнес

"Айырылып қалдым": Айгүл Елшібаева қаралы хабарын айтты

"Айырылып қалдым": Айгүл Елшібаева қаралы хабарын айтты

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева анасының өмірден өткенін әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Ozgeris.info сайты.

Өнер иесі жүрекжарды жазбасында анасына деген сағынышын жеткізіп, ауыр қазаны бөлісті.

«Ақ сүт беріп өсірген анамның адалынан емген ақботасы ем, Алла ісіне шара бар ма, ақ мамамнан айырылып қалдым. 84 жасқа келіп дүниеден өтті. Мәңгілік мекеніне кетті. Анамның Алла алдынан жарылқасын», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Айгүл Елшібаеваға көңіл айтып, қайғысына ортақтасуда.

Барлық жаңалық