Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде келініне жаңа көлік сыйлағанын жариялап, көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Әнші Instagram парақшасында жаңа көлікпен түскен видеоны бөлісіп, жазба қалдырған.
«Әулетіміздің еркетотайы! @anelya_madesheva келінімнің арманын орындау маған бұйырыпты! Су жаңа тұлпарың жақсылыққа жүргізсін! Ортамызда осылай жарқырап жүре бер, ботақан! Жұғысты болсын!», – деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері де жас келінге ақ тілектерін жаудырды.
Пікір білдіргендердің бірі: «Әнел әпке, құтты болсын! Берекелі болсын. Мөлдір, сен әрдайым қуаныш сыйлағанды жақсы көресің», – деп жазған. Тағы бір оқырман: «Керемет! Құтты көлік болсын. Әнел келіншекке әбден лайық. Ақжолтай көлік болсын, қатты қуанып отырмын. Мөлдір қандай жомарт жан», – деген пікір қалдырған.
Ал тағы бір желі қолданушысы: «Келініңіз сізге ұқсайды екен. Өз үйін тастап, жат-жұрттық болып келген келініңізге қуаныш сыйлай білген жандарға Алланың берер ризығы таусылмасын. Құтты, берекелі көлік болсын. Әр қазаққа осындай салоннан су жаңа көлік алуды нәсіп етсін», – деп тілегін жеткізді.
Сондай-ақ желіде: «Тізгінің берік, жолың ашық болсын. Көлігің тек қуаныш пен жақсы жаңалықтарға жеткізе берсін», – деген ақжарма тілектер де жазылған.