Жаңалықтар

Шымкенттегі колледждердегі ірі алаяқтық: 1,3 млрд теңге бюджет қаражаты жымқырылған

Шымкенттегі колледждердегі ірі алаяқтық: 1,3 млрд теңге бюджет қаражаты жымқырылған

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» мен «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржылық колледжі» 2018-2023 жылдар аралығында мемлекет қазынасына 1,3 млрд теңгеден астам шығын келтірген. ҚМА мәліметінше, аталған оқу орындары студенттерді формальды түрде қабылдап, мемлекеттік тапсырыс пен кадрларды қайта даярлау бағдарламалары бойынша заңсыз қаржы алып отырған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

  • Колледждерге студенттер мен қызметкерлерді қабылдау туралы жалған бұйрықтар шығарылып, олар іс жүзінде оқымаған және жұмыс істемеген.

  • Медициналық колледжде ақылы бөлімде оқитын студенттердің бір бөлігін мемлекеттік грант иегері ретінде рәсімдеп, бюджет ақшасын заңсыз иеленген.

  • Гуманитарлық-қаржылық колледж іс жүзінде мүлдем жұмыс істемеген, ол тек бюджет қаражатын алу үшін ғана пайдаланылған.

Таңғалдырарлық жайт, бұл қылмыстық схеманы ұйымдастырушы соңғы үш жыл бойы бұрынғы жымқыру дерегі үшін түрмеде отырған. Ол жазасын өтей жүріп, сырттағы заңсыз әрекеттерге тікелей жетекшілік етіп келген.

Тергеу барысында күдіктілер 65 млн теңгені өз еркімен қайтарды. Сот шешімімен олардың Дубай қаласындағы және Қазақстандағы 3 пәтері, 3 тұрғын үйі мен 3 автокөлігіне арест қойылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.

Барлық жаңалық