Таразда полицейлерден қашпақ болған 15 жасар жасөспірімнің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, кәмелетке толмаған жүргізуші мен оның ата-анасы заң алдында жауап бермек деп хабарлайды ozgeris.info сайты AZH ға сілтеп.
Жамбыл облыстық полиция департаменті Тараз қаласында орын алған қайғылы жол апатының мән-жайын жариялады. Патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған Audi маркалы көлігін тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші талапқа бағынбай, жоғары жылдамдықпен қаша жөнелген.
Қуғын кезінде жүргізуші жол ережелерін өрескел бұзып, басқа қозғалыс қатысушыларына қауіп төндірген. Көп ұзамай ол рульге ие бола алмай, жол жиегіндегі бетон электр бағанына соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, көлік ішіндегі бір Көлік тоқтағаннан кейін тізгінде небәрі 15 жастағы жасөспірімнің отырғаны анықталды. Оның көлік басқаруға ешқандай заңды құқығы болмаған.
Кәмелетке толмаған жүргізуші ата-анасымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Көлікті куәлігі жоқ адамға бергені үшін машина иесінің әрекетіне де құқықтық баға берілмек.
Бала тәрбиесі мен бақылауына салғырт қараған ата-аналар да әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Мамандар жасөспірімнің көлік кілтіне қалай қол жеткізгенін анықтауда.