Танымал актриса Аружан Жазылбекова сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ол қызды болды.
Өнер иесі қызды болды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тұңғышына арнап жылы жазба жариялап, қызының есімін кім қойғанын жазды.
“Біз сенің қашан жарық дүниеге келетініңді ұзақ уақыт бойы болжай алмадық. Ал сен болсаң, нағыз әкеңнің қызы сияқты, оның бақыт санын таңдадың – 11.11.25. Енді осы күні біздің сүйікті Сарашкамыз дүниеге келді, ал біз – әлемдегі ең бақытты ата-анамыз”, – деп жазды ол.