Алматы облысы Қарасай ауданындағы Алмалыбақ және Жалпақсай ауылдарының тұрғындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Бұл туралы бүгін таңертең журналист Вадим Николаевичтің поштасына келген хатта айтылған. Хат авторлары қарапайым халықтың өтінішін ашық жариялауды сұраған деп хабарлайды ozgeris.info сайты Boreiko.kz телеграмына сілтеп.
Осы орайда бір қызық жайтты еске сала кеткен жөн. Биыл алтыншы қаңтарда Вадим Николаевич пен Мәжіліс депутаты Базарбек Алмалыбақ ауылына арнайы барған. Бұл сапардың нәтижесі "Гиперборей" арнасында репортаж түрінде жарық көрді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары көптеген түйткілді мәселелерді ортаға салды. Жұртты әсіресе тіршілік нәрі саналатын судың жиі тоқтап қалатыны әбден қажытқан. Сол жиында ауылдық округ әкімі халық алдында барлық кемшілікті жойып, жағдайды толық реттеуге уәде берген еді.