Белгілі продюсер Ақылбек Досжанов журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында балалық шағы туралы айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Продюсердің сөзінше, ол кішкентай күнінен туыстарының қолында өсіп, ата-анасының мейірімін толық сезінбей өскен.
«Мен туғаннан әжеме берілгенмін. 4 жасымда әкемнің інісінің қолына өттім, сол жақта екі жыл тұрдым. Оларда бала болмағасын “бала етсін” деп мені Бішкекке жіберді. Оларда артымнан ерген 3 қыз бар. Содан кейін қайтарады. Жалдамалы жүрген адам сияқты болдым. Кішкентай кезімнен біреудің сығалап тұрған өмірімен өмір сүрдім. Шешеңе, әкеңе баратын ең тәтті кез менде болмады. Сол үшін мен адамдарға жалпақтай, жалтақтай беремін», – деді ол.
Ақылбек Досжанов бұл жағдайлардың мінезіне әсер еткенін жасырмай, бала кездегі сағыныш пен мейірім жетіспеушілігі әлі күнге дейін жанында қалғанын жеткізді.